Қоғам

Қазақ тілін оқытуға арналған қосымша таныстырылды

Қазақ тілін оқытуға арналған қосымша таныстырылды

«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Меркі ауылында облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлімінің басшысы М.Атен ауыл тұрғындарына басқарма әзірлеген қазақ тілін қарапайым деңгейде үйренуге арналған «QazOnline» мобильдік қосымшасын таныстырды. 16 сабақтан тұратын қосымшада жаңа сөздер, оқылым, грамматика, жазылым, тыңдалым және өзін-өзі тексеру бөлімдері мен оларды бекітуге арналған тапсырмалар бар. Қосымшаны кез келген ауыл тұрғыны «Play Market» және «App Store» қосымшалары арқылы ұялы телефонына жүктеп алуына болады.