Қазақ қызы тұңғыш рет Эвересті бағындырды
Анар Бурашева 12 мамыр күні Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те Эверест шыңын бағындырған
Құрамында Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев бар «Kazakh Everest Team» қазақстандық командасы әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848 м) сәтті шықты, деп хабарлайды jambylinfo.kz «Kazakh Everest Team» баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дереккөзіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты экспедициялардың көпшілігі бағытынан кері қайтқан.
Эверест шыңына Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын орнатты.