Қоғам

«Бұл уағыз емес»: Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзін сынағандарға жауап берді

Оның сөзінше, желіде тараған бейнежазбалар уағыз есебінде айтылмаған

Олимпиада Чемпионы Елдос Сметов БАҚ өкілдерімен кездесуінде діни пікірін білдірді деп сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Париж Олимпиадасында чемпион атанған Елдос Сметов қазір ел назарында. Осы орайда әлеуметтік желіде спортшының діни сарындағы әңгімелері кеңінен таралып, желі қолданушылары тарапынан сынға ұшырап жатыр. Jambylinfo.kz тілшісі осы бойынша Елдос Сметовтың пікірін сұрады. Ол өзі айтқан діни әңгімелерді уағыз деп санамайды.