Баланы қорқытып, бопсалайды: елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерді нысанаға алатын қауіпті алаяқтық тәсіл кеңінен тарай бастады.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, интернеттегі алаяқтар әлеуметтік желілерде әртүрлі бейнематериалдар таратып, жасөспірімдерді қызықтыратын жалған ұсыныстар жасайды.
Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға бағытталған бірқатар нормалар қарастырылуда.
Мәселен, жедел хабар алмасу сервистерін қоспағанда, он алты жасқа толмаған тұлғалардың онлайн-платформаларда тіркелуіне тыйым салу ұсынылуда.