«Балапанды» неге хатун-қызляр ғана басқарған?». Танымал журналист қазақ балалар арнасына қатысты мәселе көтерді
Данияр Есен өзін балалар тәрбиесіне көңіл бөліп жүрген аз әкенің бірімін деп санайды
Танымал журналист, тележүргізуші Данияр Есен «Balapan» телеарнасын басқаруға тәжірибесі де, идеясы да жететінін хабарлап, бұрынғы басшылардың бәрі тек әйел болғанына назар аударды, деп жазады jambylinfo.kz.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын журналист Индира Тұрсынбай канал басшылығынан кететінін мәлімдеген еді.
Осы орайда Данияр Есен өзін балалар мен жасөспірімдер тақырыбында жеті жылдан бері қалам тербеп жүргенін хабарлады.