Барлығы тазалықтан басталады
Барлығы тазалықтан басталады
Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылдың 14-21 қыркүйек аралығында "Біз біргеміз " деп ұрандатқан “Отбасы - бақыт мекені” атты республикалық апталық өткізді. Бүгінгі таңда кімді алып қарасақ та, кез-келген адам өмір сүріп жатқан ортасының әрдайым таза болғанын қалайды. «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұстанымды да бәрі біледі. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына орай аудан бойынша акция өткізілді. Осы акцияның өтуіне байланысты ұстаздардың тамыз кеңесінде нақты тапсырмалар берілген болатын. Осыған сәйкес аудан әкімі Б.Жақсылықов өзі бастап, отбасын ертіп, тазалық жұмыстарына белсене атсалысты. Аудан әкімінің бастамасын өзге басшылар да қолдап, ұл- қыздарын ертіп келді. Бұл шараның тазалықтан бөлек, тәлім- тәрбиелік мәні зор. Сондықтан бұл игі шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Аталған апталық барысында балаларды еңбекке, ұйымшылдыққа баулу мақсатында ерікті түрде әр ата-ана өз баласымен бірлесе отырып, тазалық акциясына қатысты. Осы акция аясында көшелер мен аяқжолдарды бойлай өскен өсімдіктерді шауып, тазалап бордюрлерді қайта сырлап, ақтау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке аудандағы мекемелер түгел қатыты. «Ауылына қарап, азаматын таны» демекші азаматтары белсенді ауылдың көркі ажарлы болатыны белгілі. Бүгінгі сенбілікте жұдырықтай жұмылып, іске бел шешіп кіріскен азаматтарымыздың арқасында ауылдарымыз жаңарып, жасарып көз тартар кейіпке енді. Сенбілік – қоқыстарды жинау ғана емес, бұл дала мен қаламыздың эстетикалық келбетін жақсарту болып табылады. Аталмыш сенбілікте тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, үнпарақтар арқылы қала тазалығына деген көпшілік пікірлерін білдіріп жатты. Сонымен қатар, мектеп ауласына көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ағаштардың шіріген бұтақтары кесіліп, жинастырылды. Ағаштың түптеріне су құйылып, қопсыту жұмыстары атқарылды. Сенбілік - тазалық кепілі. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Ауылға үлес қосу – туған жерге деген қамқорлықтың белгісі. Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы