Баталов Бишімбаев ісінен кейін алғаш рет публикаға шықты
Райымбек Баталовтың есімі Бишімбаев ісінен кейін танымал бола түсті
Райымбек Баталовтың есімі Бишімбаев ісінен кейін танымал бола түсті«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов Қуандық Бишімбаевтың ісінен кейін алғаш рет публика алдына шығып, өз құзіреті аясында сұхбат берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Күні кеше Қаржы мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов "Атамекен" ҰКП басшысы Райымбек Баталов және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасады.
Шағын құрамда өткен кездесуге БАҚ құралдары қатыспаған. Қаржы мониторинг агенттігі шарадан кейін баспасөз релизін таратып, Баталовтың сөзін жіберді.
Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында есімі айтылғаннан бері Райымбек Баталов публикалық шараларға қатыспаған. Тек әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы бейнеүндеу жариялап, Бишімбаевтың өзіне жала жабуы сандырақ деген еді.
Ал кешегі кездесуде ол бизнестің мүддесі қорғалып, аймақтарға ерекше назар аударылатынын айтқан.