Батыс Қазақстанда киллер жалдап, күйеуін өлтірмек болған әйел ұсталды
Батыс Қазақстан облысында 1,3 млн теңгеге киллер жалдап, күйеуін өлтіруге тапсырыс берген келіншек ұсталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Анықталғандай, әйел күйеуіне мүліктің жартысын бергісі келмеген. Сондықтан, оны өлтіру үшін қылмыскерге қару алып беріп, күйеуін өлтіру үшін әдейі тапсырыс берген.
Қазір екі күдікті де қолға түскен. Күдіктілерден олардың кінәсін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленгені белгілі.