Қоғам

«Баяғы сол қатігездік, имансыздық, өтірік-өсек...»: Бекжан Тұрыс марқұм Асқар Наймантаевты еске алып, шерлі жазба жариялады

Асқар Наймантаев 2023 жылы желтоқсанда көз жұмған

Сатирик, театр және кино режиссёрі Асқар Наймантаев көзі тірі болғанда 59 жасқа толар еді. Марқұмды әріптесі, белгілі актер Бекжан Тұрыс еске алып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Еске салайық, Асқар Наймантаев 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқолда дүниеге келген.  Актер 2023 жылдың 2 желтоқсанында ауыр дерттен көз жұмған. Асқар Наймантаев  "Тамаша" ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танылған. "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" медалінің иегері.