Бердібек Сапарбаев жамбылдықтарды Конституция күнімен құттықтады

0 65

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жамбылдықтарды конституция күнімен құттықтады.

«Құрметті жамбылдықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын!

Жалпыхалықтық референдумда қабылданған елдің негізгі заңы болашақ табыстар мен алдағы мақсаттарға жетудің кепіліне айналды.

Конституция қоғамдық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Конституцияның жоғары әлеуеті экономикалық өрлеу мен азаматтардың әл-ауқатының артуына ықпал етті.

Заңдар нормаларында білім мен еңбекке, еркін сайлауға қатысуға, ар-ождан және сөз бостандығына негізделген конституциялық құқықтар нақты айқындалған. Сондықтан Конституция күні – еліміздің әрбір азаматы үшін ең маңызды және басты мерекелердің бірі.

Қасиетті Әулиеата жерінің тұрғындары да демократия мен гуманизм принциптерін жүзеге асырудың кепілі болып табылатын Конституцияның жарқын болашағына сеніммен қарайды.

Барша жамбылдықтарды Конституция күнімен құттықтай отырып, мемлекет игілігіне негізделген жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз мәңгілік болсын!» — деді аймақ басшысы өз жазбасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.