Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

35

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

Ақмола облысы Түнде және таңертең 30 қыркүйекте Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Көкшетау қ.: түнде және таңертең 30 қыркүйекте тұман күтіледі.

Қызылорда облысы 30 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерлерде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 30 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17 м/с жел сақталады.

Қарағанды облысы 30 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды қ.: түнде 30 қырқүйекте тұман күтіледі.

Жамбыл облысы 30 қыркүйекте, 1-2 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, шаңды боран, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 30 қыркүйекте екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде және таңертең 30 қыркүйекте, 1-2 қазанда кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады.

Қостанай облысы 30 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан облысы 30 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

24.kz