Қоғам

"Мен Аллаға сенемін": Қуандық Бишімбаев сотта соңғы сөзін сөйледі

Сонымен қатар, оның туысы Бақытжан Байжанов та бүгін соңғы сөзін айтады

Бүгін, 2024 жылдың 6 мамыры күні экс-министр Қунадық Бишімбаев пен туысы Бақытжан Байжановтың бір жарым айға жуық уақыт өткен сот отырысы аяқталып, сотталушылар соңғы сөздерін айтады. Бірінші болып экс-министр Қуандық Бишімбаев соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Сонымен қатар, Бишімбаев бұған дейін де айтқан мәлімдемелерін қайталады. Яғни, ол Салтанат Нүкенованың өліміне кінәлі, бірақ, оны әдейі өлтірген жоқ. Оның айтуынша, Бишімбаев Салтанаттың басында үлкен ісік пайда болып жатқанын білмеген. Сонымен қатар, Бишімбаев сот тергеуі кезінде сөз сөйлеген сот сарапшысының ойымен келіспейтінін, сондықтан, оның сараптамасы күмән тудыратынын айтты. 

Айта кетейік, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін қамауда отырған Қунадық Бишімбаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы 27 наурызда басталған болатын. Өткен аптада сот аясындағы тергеу аяқталып, тараптар жарыссөз өткізген.

Жарыссөздің бірінші бөлімі тікелей эфирде трансляцияланса, екінші бөлігі жабық режимде өтті. Сондықтан, мемлекеттік айыптаушылар мен жәбірленуші тарап Бишімбаев үшін неше жыл «сұрағандары» белгісіз.