Бөлім басшысы шекара қызметінің грамотасын иеленді

28

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 28 жыл толуына орай ел шекарасын күзету ісіндегі шекарашылардың тұрмыстық-шаруашылық жағдайын қамтамасыз ету жолындағы қосқан зор үлесі үшін аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Беркінбек Бижигитов Шекара қызметінің грамотосымен марапатталды.

Марапаттау рәсімінде сөз алған аудан әкімі Сәкен Арубаев пен ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник М.Сабидолданов мемлекеттік қызметкердің ісіне табыс, отбасына саулық тіледі.
Сонымен қатар бөлім басшысының қуанышына қосылған ұжымдастары да ақжарма тілектерін жаудырды.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі