Бүгін ауа райы қандай болады?

20

16 қарашада ел аумағының басым бөлігінің ауа-райына орталығы республиканың солтүстік-шығыс аудандарында орналасқан циклон әсерін тигізеді. Соған байланысты оңтүстік-шығыс өңірлерде қар жауады. Тек оңтүстік-батыс пен батыста күн ашық. Республиканың кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүсік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін. Алматы облысында – тұман.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с. Түркістан облысында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде де тұман болады. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

egemen.kz
© egemen.kz