Бүгін жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді

0 27

Бүгін еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. 15-20 м/с дейін жел күшейіп, дауыл, бұршақ болжанады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

Сондай-ақ дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с артады.

Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады. Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ болжанады. Желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Күндіз екпіні 23 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысында, күндіз Ақтөбе облысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.