Былтыр қазақстандықтар лотореядан 305 млрд теңге ұтқан – Спорт министрлігі
Лотореядан түскен 5 млрд теңге салыққа төленсе, 5 млрд теңгесі «Қазақстан халқы қорына» аударылған
Қазақстанда 2023 жылы ұтыс операторларының жалпы ақша айналымы 356 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Спорт және туризм вице-министрі Мирас Төлебаев мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сондай-ақ, спикер халық арасында лотерея операторы миллиардтаған долларды айналымға енгізіп, оның көп бөлігін өзіне алып қалады деген пікір қалыптасқанын айтады.
Айта кетейік, өткен аптада республика аумағында «Lotomatic» терминалдары/киоскілері жабылған. ҚР Спорт және туризм вице-министрінің айтуынша, былтыр елімізде осындай 5000 лото терминал жұмыс істеген.