Дәрігер ұйқысыздыққа әкелетін өнімдерді атады

48

Ұйқының сапасына әсер ететін өнімдер аталды. Дәрігер Елена Малышева ұйқысыздықтан зардап шегіп жүрген адамдарға, ең алдымен, алкогольден бас тартуға кеңес берді.

Сондай-ақ, кофе де ұйқы режиміне кері әсерін тигізеді.

Біріншіден, ол әлсіз психостимулятор, екіншіден, несеп айдайғыш болып табылады. Сіз ұйықтап, қайта ояна бересіз. Өйткені 20 минут сайын дәретханаға барғыңыз келеді, — деді ол бағдарлама барысында.

Майлы, ащы тағам салдарынан қыжыл пайда болып, ұйықтау қиындайды.

Егер ұйқыңыз бұзылса, тағам мәзіріне ден қойыңыз, — деді дәрігер.

Ұйықтар алдында айран ішіп, шие, асжапырақ, пісте жемісі, палтус жеген жөн.

baq.kz