Қоғам

Дастаның қалды артыңда...

Дастаның қалды артыңда...

Есептелген уақыт пен мерзім дегенді білдіретін ажал мағынасы осы мерзімнің соңы, яғни өлімнің уақытын меңзейтіні белгілі. 19 қыркүйекте соңғы нүктесін қойып, Алмат арқылы беріп жіберген «Қазақтар» дастанын оқып отырып көңіліме алаң кірді. Сырқаттанып жүргеніңді білетіндіктен, мына дастан сенің соңғы сөзіңдей сезілген. Себебі, өзің сүйген ұлтыңның асқақ рухы мен терең махаббаты, өмірлері өнегеге айналған батырлар мен ақындардың әрекеттері дастанның өне бойында шиыршық атып тұрғандай. Ұрпаққа қалдырған өсиет сияқты көрінгені де сол. Алаңдауым да содан. Өсиет қалдыратындай жаста емес едің ғой. «Бір деммен оқып шықтым, эпикалық поэма, керемет, жарайсың, Бортаным. Бұл енді сөз жоқ классика, шедевр!» деп жазыппын. Десем де маған Мұқағалидың «Реквиемі» секілді көрінгені рас. Көп ұзамай өзің де аттанып кеттің батырлар мен ақындар мекеніне. Сенсіз өткен бірнеше күнде ортам ортайып, сезім селкеу тартқаны білінгендей. Көңілге медет артыңда өзің сүйген, өзің ұлықтаған «Қазақтар» қалды. Қош бол, досым!

 

Әбиірбек ҚОНЫСБАЕВ, прокуратура саласының ардагері