«Ең қарапайым депутат»: Асхат Аймағамбетов түнге дейін студенттерге дәріс оқып жүр
Халық депутаттың қарапайымдылығына таң қалып жатыр
Бұрынғы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов депуттатық мандатымен қатар Астанадағы оқу орындарының бірінде студенттерге дәріс оқиды. Бүгін ол әлеуметтік желдегі парақшасына видео жүктеп, магистранттарға сабақ беруге бара жатқанын айтқан, деп жазады jambylinfo.kz.
Ал депуттатың әлеуметтік желідегі оқырмандары оның мықты маман әрі қарапайым адам екенін жарыса жазып, ризашылықтарын білдіріп жатыр.