Қоғам

Еңбегі еленді

Еңбегі еленді

Шу ауданы әкімінің орынбасары Әлихан Балқыбеков №30 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Сайфуддин Абдуманаповты қабылдап, Мәдениет және спорт министрлігінің «Денешынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген үлесі үшін» төсбелгісін салтанатты түрде табыстады (суретте). Сондай-ақ бұл кездесуге аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қасымхан Мәуленов те қатысты. Өз сөзінде Әлихан Әбілашұлы С.Абдуманаповтың аудандағы спорт саласын дамытудағы үлесін, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеудегі еңбегін атап өтті. Бұдан бөлек, жақында ғана 60 жастың асқарына шыққан спорт саласының ардагеріне мықты денсаулық, отбасылық бақыт және алдағы жоспарларына сәттілік тіледі. Атап өтерлігі, С.Абдуманапов басшылық ететін №30 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де мақтанарлық нәтижеге жетуде. Әлі күнге дейін спортты жанына серік етіп келе жатқан ол футболдан аудандық ардагерлер құрамасының мүшелігінде де белсенділік танытып жүр. Сайфуддин Нуриддинұлын мерейтойына дөп келген жоғары дәрежелі атағымен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз!