Қоғам

Еңбек инспекторлары 19,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

The final spritzer

2025 жылғы 1 маусымдағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 381 тексеру жүргізді

1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 2,4 мыңнан астам фактісі анықталды.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 маусымдағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 381 тексеру жүргізді, оның барысында 2 941 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 2 428; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 496; халықты жұмыспен қамту бойынша – 17.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17,2 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.