Экология министрі қазақстандықтарды сенбілікке шақырды

26

Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев барша қазақстандықты сенбілікке шақырды.

«Ел бойынша еріктілер, белсенділер, қоғам өкілдері табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады. Өз аулаңызды, айналаңыздағы саябақтар мен су арналарын, тағы басқа орындарды тазалау арқылы акцияға Сіз де үлес қоса аласыз», дейді Экология министрі өзінің Twitter-дегі жазбасында.

Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, жыл сайын 19 қыркүйекте бүкіл әлемде World cleanup Day акциясы өтеді. Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Былтыр шара 169 елдің азаматын біріктірген.

«Барлық қазақстандықтарды сенбі күні осынау ауқымды шараға белсенді қатысуға шақырамын!», дейді Мағзұм Мырзағалиев.

 

egemen.kz