Елімізде 8 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазақстанда 3-5 қазан аралығында -8 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады деп жазады Jambylinfo.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы -2-8 градус аязға дейін төмендейді.
Ал елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жаңбырлы болса, елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.