Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
2025 жылдан бастап 1 АЕК 3 932 теңге болады
Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа жылдан айыппұлдар 6,1% өседі. Соның салдарынан мұғалімді немесе дәрігерлерді балағаттаса, онда 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар:
- Мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін (ҚК 372 – бабы) - 3000 АЕК немесе 11 796 000 теңге.
- Көшеде түкіру, қоқыс тастау (ӘҚБтК – нің 434-2-бабы) - 10 АЕК немесе 39 320 теңге.
- Шулап, тыныштықты бұзсаңыз: жұмыс күндері 22:00 - ден 9:00-ге дейін және демалыс, мереке күндері 23:00-ден 10: 00-ге дейін (ӘҚБтК 437-бабы) - 5 АЕК немесе 19 660 теңге.
- Елдімекендерде пиротехникалық бұйымдарды, отшашуларды қолдану (ӘҚБтК 436-бабы) - 20 АЕК немесе 78 640 теңге.
- Алкогольдік ішімдіктерді ішу пайдалану немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру (ӘҚБтК 440-бабы) - 5 АЕК немесе 19 660 теңге.
- Кәмелет жасына толмаған азаматтардың 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарында жүруі (ӘҚБтК-нің 132-бабы) - 3 АЕК немесе 11 796 теңге.
- Темекі мен басқа да темекі өнімдерін кәмелетке толмағандарға сату (ӘҚБтК 133 – бабы) - 15-тен 100 АЕК-ке дейін немесе 58 980-ден 393 200 теңгеге дейін.
- Қоғамдық орындаында балағат сөз айту (ӘҚБтК 434 - бабы) - 20 АЕК немесе 78 640 теңге.
- Жала жабу (ӘҚБтК 73-бабы) - 160 АЕК немесе 629 120 теңге.
- Дербес деректерді заңсыз жинау және өңдеу (ӘҚБтК 79 - бабы) - 10-нан 70 АЕК-ке дейін немесе 39 320-дан 275 240 теңгеге дейін.