Есіміңіз ұнамаса, оп-оңай ауыстыруға болады

0 257

Енді атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікке онлайн түрде өтініш беріп, құжатқа оңай қол жеткізуге болады.

Ол үшін Egov.kz порталына кіріңіз;
Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;
Қызметті онлайн сұратыңыз;
Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;
Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;
Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;
Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;
Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.
Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.