Қоғам

«Ез екен»: бір топ депутат киіз үйдің ішінде жартылай жалаңаш билеген адамды жазалауды сұрады

Мәжіліс депутаттары олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс дейді

Бүгін парламент мәжілісінде Бас прокурор Берік Асылов пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың атына депутаттық сауал жолдаған бір топ депутат ұлттық құндылықтарымызды аяқ асты еткен адамдарды жазалауды сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дәлірек айтсақ, олар киіз үйдің ішінде қазақтың кәжекейін киіп, бірақ, аяқтарын жалаңаш қалдырған және заманауи би билеген адамдарды жазалау керек дейді.

Депутаттардың пікірінше, бұл біріншіден, қоғамның осы әрекетке қалай үн қататынын байқайын деген астыртын сыр тарту тәсілі болса, екіншіден, ЛГБТ насихатына тосқауыл қоймақ талапқа деген ашық қарсылық, үшіншіден, өскелең буынды өз ұлттық құндылықтарынан жеріндіру әрекеті.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын киіз үйдің ішінде үш адам ерсі би билеп, олардың әрекетін қоғам қатты сынға алған болатын.