Facebook-тегі жазбаларын өшіру үшін мектеп директорынан 100 мың теңге талап еткен блогерлер ұсталды
Оқиға Түркістан облысында болған
Сайрам ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде бопсалау арқылы ақша талап ету фактісі бойынша екі тұлға ұсталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Түркістан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, «А» және «Е» есімді белсенді блогерлер аудандағы бір мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жарияланымын жою үшін 100 000 теңге талап еткен.