«Хайп ұстап жатырмын». Рүстем Жүгінісов дау туғызған пікіріне қатысты түсініктеме берді
Ол бұған дейін еркектерді көп әйел алуға шақырған
Бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісов күні кеше қоғамда қызу талқыға түскен пікіріне түсініктеме берді, деп жазады Jambylinfo.kz
Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап бере отырып, өзінің 4 әйел алғысы келетінін айтқан. Мұнымен қоса ол 95 пайыз еркектердің көп әйел алуға ниеті бар екенін мәлімдеген. Ал, кейінірек әлеуметтік желіде осы ақпаратты тек өз ортасындағы адамдарды есепке алып айтқанын жеткізді.
Сонымен қатар, желі қолданушылары тарапынан айтылған «осылар көп әйел алу үшін намаз оқиды» деген пікірге қатысты жауап берді.