Қоғам

Көзі нашар көретін депутат Қазақстандағы әлеуметтік осал топтардың уәкілі болды

The final spritzer

Көзі нашар көретін депутат Қазақстандағы әлеуметтік осал топтардың уәкілі болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда депутат Кенжеғұл Сейітжанды халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл етіп тағайындады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. «Мемлекет басшысының өкімімен Кенжеғұл Социалұлы Сейтжан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Айта кетейік, Кенжеғұл Сейітжан спортшы, Мәжіліс депутаты. Бала кезінде аттан құлаған ол қатты жараланып, көз жанарынан айырылған.