Кемел келешекті ойлаған
Кемел келешекті ойлаған
Өмір тәжірибенің алғашқы дәрістерін кәсіптік техникалық білім беру мекемесінен алған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі ғылым, білім саласына да айрықша мән беріп, мәселелерін назардан тыс қалдырмайтындығын атап өткім келеді.
Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы қаншама жастың білікті кәсіп иесі болып шыңдалуында үлкен рөл атқарып келеді. Сонымен қатар былтырғы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы әзірленіп, жемісті жүзеге асып келеді. Бұл жобаның алдына үздік 180 колледжді сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсаты қойылған. «Жас маман» жобасын іске асыру үшін өзім басқарып отырған Тараз сервис және технология колледжіне биыл «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 158,2 миллион теңгеге және «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша 173,7 миллион теңгеге заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар алынды. «Жас маман» жобасы аясында білім беру үрдісін жаңғырту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін оқыту үшін шетелдік әріптестерді тарту, сондай-ақ аталған мамандықтар бойынша халықаралық стандарттарға сай оқыту бағдарламаларын жасауға жәрдемдесу жоспарланған. Жобаны іске асыру ережесіне сәйкес колледжде жабдықтарды орнату үшін зертханалар мен шеберханаларды дайындау, қажетті коммуникациялар мен инфрақұрылымды жүргізіп, кем-кетігін жөндеп, тиісті жиһазбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Оқу-материалдық базаны жаңғырту Worldskills форматында кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін қазіргі заманғы құзыреттер орталықтарын құруға мүмкіндік береді.
Бекбол МАЙМЫШЕВ, Тараз сервис және технология колледжінің директоры