Қоғам

«Кемі 10 жылға қамаласың». Нүкенова өлетін күні Бишімбаевқа не айтқан

The final spritzer

Бүгін жарыссөзде Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының қандай күйде өлгенін айтты

Салтанат Нүкенова өлер күні Қуандық Бишімбаевқа өзін сабағаны үшін кемі 10 жыл отыратынын айтқан. Бұл туралы бүгін жарыссөзде марқұмның ағасы Айтбек Амангелді айтып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айтбек Амангелдінің айтуынша, Бишімбаев Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрған соң Салтанат қанжоса болған. Үстіндегі аппақ жейдесін шешіп алып, қолына ұстап тұрып, Бишімбаевты соттататынын айтқан.

Яғни, ағасы атап өткендей, Бишімбаев Салтанаттың осы сөзінен қорқып, кезінде істі болған соң қайтадан түрмеге түскісі келмей, Салтанаттан құтылғысы келген.