Қоғам

«Әкеммен сөйлесе алмайтынмын»: продюсер Әден Марғұлан ата-әжесінің қолында өскенін айтты

Мирас Жүгінісовтің проюсері әкесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Тараз қаласының тумасы, блогер, әнші Мирас Жүгінісовтің продюсері «Taboo бағдарламасына»  сұхбат беріп, алғаш рет отбасы туралы айтты, деп жазады jambylinfo.kz. 

Әден Марғұланның айтуынша, ол ата-әжесінің бауырында өскен. Алтыншы сыныпқа көшкенде ата-анасының қолына, Тараз қаласына көшіп келген. Осы уақытта Әден Марғұлан туған әке-шешесімен тіл табыса алмай жүр.

Сондай-ақ блогер тұңғыш немерені ата-әженің тәрбиесіне беруге қарсы емес екенін айтып, бірақ әр бала ата-анасымен жақын рухани дос болу керегін тілге тиек еткен.