Күн қамын ел қамына алмастырған азамат

0 44

Күйбең тірлікте күннің қамын қымтап, келбетін шілденің шіліңгір ыстығы күмптеседе, долы дауыл еңсесін түсірседе, тыныстар тынысы мұздасада, көкірегінен жылулық қоштаспайтын жақсы жандар бар арамызда.
Қыр астында қылышын сүйретіп қыс мезгілі келе жатыр. Аптап суық күндерді көбіміз бүгіннен бастап алдын алып жатсақ, енді біріміз қаражаттың ыңғайына жығылып жатырмыз.
Бұл мәселе барлық ауылда бар екенін ескерсек, ауданымызда тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін бес саусағындай білетін округ әкімдері бар.
Сөзімізге Бесағаш ауылдық округінде аз қамтылған отбасына және жалғызбасты тұрғынға қыстық көмірін түсіріп, жағдайын жасырын жасап жүрген округ әкімі Бейбіт аға Нигматуллаевтың қайырлы ісі дәлел болса керек.
Бұл жайтты әкімі аппаратының бас маманынан естіп, Бейбіт Сүңғатұлын сөзге тартсақ, демеушілік еткен округтегі мемлекеттік қызметкерлер деген жауапты алған едік. Өзімізге аян сұрақтың жауабын осы сәтте көкірек көзі ашық азаматтар да игі іске иілген пенденің адами құндылықтарға бай екенін де аңғарған болар.
Күн қамын ел қамына алмастырған азаматтар аман болғай!

Leave A Reply

Your email address will not be published.