«Өлесің, бұл жаман ауру»: танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы туралы қорқынышты жағдайды айтып берді
Ақ халаттылар оның басындағы ісікті рак деп ойлаған
Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның басының артқы бөлігінде түйін пайда болып, қатты уайымдаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы өнер иесі желідегі парақшасында жариялаған. Танымал актриса көлемінің үлкендігі басындай болған ісікті көрген дәрігерлерден «бұл жаман ауру, өлесің» деген сөз естіген. Алайда сабыр сақтап, бұл туралы ешкімге тіс жармаған актриса нейрохирург досының арқасында дертінен құлан таза айыққанын жеткізді.
Актрисаның жазылуына септігі тиген нейрохирг Асқар есімді досы күні-түні ем жүргізіп, оның жазылып кетуіне ықпал еткен. Бүгінде актрисаны мазалаған түйін-дерттің ізі де қалмапты.
Өнер иесінің айтуынша, ажалдан арашалап қалған дәрігеріне аоғысы шексіз.