Құлсарыда тасқын кезінде жоғалған азаматтың мәйіті табылды
24 жастағы Асылхан Нұржау әлі іздестіріліп жатыр
Атырау облысы Құлсары қаласында әкелі-балалы екі азамат — 48 жастағы Болатбек Ермекбаев пен 24 жастағы Асылхан Нұржау 7 сәуірде жоғалып кеткен. Олар су астында қалған үйін көру үшін кетіп бара жатқанда трактор жолдан шығып кетіп, аударылған делінеді.
Бүгін, 14 сәуірде төтенше жағдай қызметі Болатбек Ермекбаевтың мәйіті табылғанын растады.Мұны Азаттыққа марқұмның туысы растады.
Оның ұлы — Асылхан Нұржау әлі іздестіріліп жатыр.