Ұлтаралық татулық – біздің басты байлығымыз
Ұлтаралық татулық – біздің басты байлығымыз
Кеше еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі өтті. Әлемдік пандемияға байланысты жиын онлайн форматта ұйымдастырылғанымен басқосуға әр өңірден делегаттар қатысты.
Тұңғыш Президент 1992 жылдың 14 желтоқсанында өткен Қазақстан халықаралық форумында жұртымыздың келісімі мен бірлігіне негізделген Ассамблея құру жөнінде бастама көтерілгенін де еске салды. Ал 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойылды. Кеңес отырысы барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы баяндама жасады.
Ал Тараз қаласындағы №34 орта мектептің директоры Динара Нұралиева ұлттар достығына қатысты жүрекжарды сөзін жеткізді.
Айта кетейік, бұл күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңа орынбасарлары да тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Майя Бекбаева және Закиржан Кузиев осы лауазымды қызметтерді атқаратын болды.
Саян ТІЛЕУЖАН