Қоғам

Ұлытауда бір үйдің үш жетім баласын асырап алғандар оларға бес жыл бойы көрмегенді көрсеткен

Ең сорақысы бұл адам жуырда тағы да жетімдер үйіне барып, асырап алатын бала бар ма деп сұраған

Ұлытау облысында бір үйдің үш баласын асырап алған адамдар оларды қаланың шетінде фермасында «құлдықта» ұстаған. Солай бола тұра үш баланы асырап алғаны үшін бес жыл бойы жәрдемақы алып келген. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі жедел уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Олардың қиын тағдыры туралы құзырлы орган арада бес жыл өткенде бірақ-ақ білген. Прокуратура мен қамқоршылық тобы 2018 жылы балалар үйінен бір отбасынан шыққан үш жетімді асырап алған отбасының фермасына барып, шошыған.

Оның айтуынша, фермаға барған комиссия мүшелері балалардың тағдырын көріп шошыған. Денелері көгерген, өздері жүдеу, шаршаған, аш, көздерінде жалын жоқ, кір-қожалақ, киімдері жыртық.

Қазір асырап алған адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, үш бала қауіпсіз жерге орнаоасқан. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғали балаларға қолайлы жағдай жасап, көмек көрсететінін, енді олардың тағдырын жеке бақылауға алатынын айтқан.