Қоғам

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов отбасын асырау үшін 1,6 млн теңге несие алып, оны әлі төлей алмай жүр

Ол несиені депутат сайлаудан бұрын алған

Qazaq Airan ютуб-каналына берген сұқбатында мәжілісмен Ринат Зайытов несиесі бар екенін айтты, деп хабарлайды  jambylinfo.kz.

Ринат Зайытов елімізде несие төлеп жүрген миллиондаған қазақтың қатарында. Ол кредитті сайлаудан бұрын үгіт-насихат жүргізетін кезде отбасын асырау үшін алған. Алайда жалақысы жоғары депутат 1 млн 600 мың теңге несиесін  1 жылдан бері төлеп жүр.