Мердігер сапасыз жұмысын қайта жасайды

0 71

Тараз қаласа «Қарасу»(5) мөлтек ауданындағы №16 үйдің тұрғындарының сұрауы орындалады.
Аталған мекенжай бойынша №16 үйдің тұрғындары үйді жөндеуден өткізген мердігерге жөндеу жұмыстарының кейбір жерлері сапасыз жасалғаны туралы шағымданды. Түсірілген арызға байланысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің офис менеджерлері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы екі жақты тыңдап, заңдылықтарын зерделеп шықты. Ортақ түсінісудің нәтижесінде, мердігер тұрғындардың өтінішін қанағаттандыруға келісті. Сонымен қатар мердігер жөндеу жұмыстараның барысын тұрғындарға толықтай баяндап берді.
Ағымдағы жылдың 13 тамызында Жамбыл адалдық алаңы жобалық кеңсесі үйдің жөндеу жұмыстарына мониторинг өткізеді.
Айта кетсек, аталған үйдің жөндеу жұмыстарына 47 461 781 теңге бөлінген.

Көп пәтерлі үйлердің тұрғындары үшін тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы консультативтік чаттар ашылып жатыр.
Чатта келесі бағыттар бойынша жауап ала аласыздар: Сапалы жол, Таза қала, Адал білім, Сапалы тұрғын үй, Сапалы медицина.

Сіздердің де үйлеріңізге дәл осындай чат қажет болса,берілген нөмір бойынша хабарласа аласыздар: 87472329797

🔰🆕 5 мөлтек ауданы 16 үйдің тұрғындарының сұрауы орындалады.🔹️🔸 ️Аталған мекен-жай бойынша, 16 үйдің тұрғындары үйді…

Опубликовано Adaldyq Alany Jambyl Четверг, 13 августа 2020 г.

Leave A Reply

Your email address will not be published.