Михаил Горбачев 92-ге қараған шағында өмірден озды

0 34

КСРО-ның тұңғыш президенті Михаил Горбачев 92 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Орталық клиникалық ауруханадан мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

«Михаил Горбачев ұзаққа созылған ауыр дерттен бүгін кешке қайтыс болды», — делінген Орталық клиникалық аурухана хабарламасында.

Михаил Горбачев 1931 жылы 2 наурызда дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы ММУ заң факультетін (1955), 1967 жылы Ставрополь ауылшаруашылық институтының (қазіргі Ставрополь мемлекеттік аграрлық университеті) сырттай бөлімін бітірді. 1952 жылы КОКП құрамына кірді, 1971 жылдан бастап ОК мүшесі болды. КОКП ОК соңғы Бас хатшысы қызметін атқарды. Константин Черненко қайтыс болғаннан кейін 1985 жылы осы лауазымға сайланды. Жариялылық пен қайта құрудың басты идеологы болды. Кеңес Одағының бірінші және соңғы президенті болды.1990 жылы наурызда сайланды, 1991 жылы 25 желтоқсанда қызметінен кетті. 1990 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты атанды. КСРО президенті қызметінен кеткеннен кейін ол қоғамдық және әдеби қызметпен айналысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.