Қоғам

Министр күйеулерінен зорлық көретін әйелдер маған көп келеді – психолог Ержан Мырзабек

Оның айтуынша, биліктегі элита саналатын орта арасында әйелін ұратындар көп

Белгілі отбасылық психолог Ержан Мырзабек «Халық Үні» ақпараттық порталына берген сұхбатында танымал шенеуніктердің әйелдері отбасындағы зорлық-зомбылыққа көп тап болатынын айтқан, деп жазады jambylinfo.kz. 

Ержан Мырзабектің айтуынша, олардың қатарында министрлер, әкімдер, комитет басшыларының әйелдері де бар. 

Ержан Мырзабек «элитаның» әйелдерінің 80 пайызы отбасындағы зорлық-зомбылыққа көнуді «әйелдің даналығы» деп жастар арасында насихаттап жүргенін де тілге тиек еткен.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстанда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы үлкен резонанс тудырып отыр. Ол 2023 жылдың 9 қарашасында азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деген күдікке ілінді. Сот ісіндегі тергеу аяқталып, 2024 жылдың 29 сәуірі күні тараптар пікірталас өткізеді.