Қоғам

Нұрлан имам Жамбылға келді

Нұрлан Байжігітұлы Қаратау, Жаңатас қалалары мен аудандарда кездесулер өткізеді

Дінтанушы, теолог, Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы Жамбыл облысына іс-сапармен келді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Нұрлан Байжігітұлы өз жазбасында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашокеевтің қабылдауында болғанын айтып, екеуара кездесуде аймақтың діни ахуалы, жетістістіктері туралы әңгіме өрбіткенін атап өткен.

Сондай-ақ,  Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Исланбек Дастан әлеуметтік желідегі парақшасында дінтанушы Нұрлан Байжігітұлының Қаратау, Жаңатас қалалары мен аудандарда кездесулер өткізетінін жариялаған.

Нұрлан Байжігітұлының жамбылдықтармен кездесуі екі күнге жоспарланған.