Наурызда қанша күн демаламыз?
Биыл Наурыз мейрамы демалыс күндеріне сәйкес келеді.
Көктемнің алғашқы айы – наурызда Қазақстанда екі бірдей мемлекеттік мереке атап өтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Олар: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.
2026 жылы наурыз айында қазақстандықтар жалпы 13 күн демалады.
8 наурыз мерекесіне байланысты демалыс күндері:
Аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар үшін 7, 8 және 9 наурыз демалыс болып есептеледі. Ал 10 наурыз – жұмыс күні.
Алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер 8 және 9 наурызда демалып, 10 наурызда жұмысқа шығады.
Наурыз мейрамындағы демалыс:
Биыл Наурыз мейрамы демалыс күндеріне сәйкес келеді. Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасындағылар 21–25 наурыз аралығында, яғни бес күн қатарынан демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 21, 22, 23 және 24 наурыз – демалыс күндері, ал 25 наурыз – жұмыс күні болып саналады.