«Наймандардың ел білмейтін құпиясы». Ғалымдар қазақтың 3 жүзінің ДНҚ-сына зерттеу жүргізген
Зерттеушілер көпшілік күтпеген мәлімдеме жасады
Ғалымдар қазақтарға жүз және ру-ға бөліну халықтың ДНҚ-сына қалай әсер еткенін түсіну үшін генетикалық зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Caravan ақпарат порталының жазуынша, зерттеушілер барлық үш жүзден бөлінген 24 рудан 1171 адамның, және «Ақ сүйектердің» Y хромосомасын алған. Мәселен, Ұлы жүздің 12 руынан 433 адам, Орта жүздің 7 руынан 475 адам, Кіші жүзден 241 адам және Қожа мен Төре руынан шыққан адамдардың ДНҚ-сын зерттеді. Олардың көпшілігі Қазақстанда дүниеге келген, тек 61 адам шетелде өмір есігін ашыпты.
Олардың барлығы дерлік, 142 адамнан басқа, өздерінің шежірелері туралы ақпаратты білетін болып шықты. Бұл адамдардың барлығы қан мен сілекей үлгілерін берген. Сондай-ақ қай жерде туғанын және қай руға жататынын айтқан.
Статистика адамдар арасындағы генетикалық және географиялық қашықтық арасындағы маңызды корреляцияны растамады. Яғни, әртүрлі өңірлерде тұратын қазақтар генетикалық жағынан тым ерекшеленбейді.
Айта кетерлігі, екі бөлек жүзден шыққан емес, екі бөлек рудан шыққан адамдар арасындағы ерекшелік 2 есе көп. Бұл ғалымдардың зерттеуі бойынша анықталған дерек.
Ғалымдардың дерегінше, ұрпақтардың көпшілігі гендермен қиылысады, бірақ жеке гаплогруппа Шығыс Қазақстанда тарихи өмір сүрген наймандарға тән. Бұл Қытай Шыңжаңында және Ресейдің Алтай өлкесінде қазақ диаспораларында кең таралған. Бұл Найман руының ДНҚ-сы өзге руларға қарағанда өзгеше екенін көрсетіп отыр.