Қоғам

Несиелер кешірілмейді: Агенттік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Әлеуметтік желілерде несиелердің жаппай кешіріліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Алайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ведомство қарыз алушылар үшін банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлармен өзара әрекеттесудің бірыңғай тетігі бар екенін атап өтті. Осы механизм арқылы мерзімі өткен қарызды заң аясында реттеуге мүмкіндік бар.