«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары тағайындалды

0

 «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің  7.08.2020 жылғы №116JQ бұйрығымен партияның Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып Мәтен Мәди Мейірбекұлы тағайындалды.

Мәди Мейірбекұлы — 1984 жылдың 16 маусымында Жуалы ауданы, Қайрат ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Жуалы ауданында «Баспахана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бастаған. 2005-2009 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің бас маманы,  2009-2010 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің жетекшісі, 2010-2011 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі жетекшісі, 2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, 2012-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, басшысы,  2017-2019 жылдары  облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

2019 жылдың қазан айынан бастап облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келді. 2006 жылдан «Nur Otan» партиясының мүшесі. Отбасылы, 5 бала тәрбиелеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.