Қоғам

«Қоғамдық тәртіпті бұзды». Кеңес Одағының туы үшін жанжалдасқан азамат қамалды

Ол енді 5 күн қамауда болады

9 мамыр күні көлігіне Кеңес Одағының қызыл туын тіккен адаммен жанжалдасып қалған алматылық Жанболат Шайзада бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Қалалық әкімшілік сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

«Адырна»  ұлттық порталының жазуынша, сот үкімінде Жанболат Шайзада қоғамдық орында жол қозғалысын тоқтатып, жанжал шығарып, әдепсіз сөздер айтып, көлікке ілінген туды жұлып алып, «қоғамдық тәртіпті бұзды» деп көрсетілген.

Естеріңізге сала кетсек, 9 мамыр күні әлеуметтік желіде ер адамның көліктегі адамдармен жанжалдасып, көліктен қызыл жалаушаны жұлып алғаны бейнеленген видео тарады.

Айта кетейік, Қазақстанда кеңестік рәміздерге тыйым салынбаған. Ал оны Венгрияда, Чехияда, Польшада, Латвияда және Литвада, сондай-ақ Грузияда (2011 жылдан бастап) көпшілікке көрсетуге заң жүзінде тыйым салынған.