Қоғам

«Орамал тақпайтын еріншек әйел»: Құрбан айтта дастархан жайған Мейрамбек Бесбаевтың әйелі сынның астында қалды

Өнер жұлдызының отбасы айт мерекесін туған-туыстың ортасында қарсы алған

Танымал әнші  Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы Мархабат Бесбаева Құрбан айт мерекесіне орай, ақ дастархан жайып, туған-туыстарға дәм тартырған. Бұл туралы Мейрамбек Бесбаев жеке парақшасында пост жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Видеода көрініп тұрғандай, түрлі дәмге  толы дастарханның басты тағамы - қазақтың ұлттық асы ет те ортаға қойылған. Алайда желі қолдануышылары жұлдызды отбасының жұбайына қапа болды. Оған себеп Мархабат Бесбаеваның жаулықсыз жүруі және етке дайын жайма салғаны болды.  

Желі қолданушылары «Орамал қайда? Орамал жоқ жерде тазалық та жоқ! Неге жайма салған? Қамырды неге қолдан илеп, жайып салмайды? Жұлдыздардың әйелі неге еріншек болады осы?» деп жазған.