Отбасы – қоғамның іргетасы
Отбасы – қоғамның іргетасы
Қоғамның маңызды бөлшегі, ұлт тірегі отбасы құндылығы қашанда алдыңғы орында. Отбасы мемлекет пен қоғамның іргетасы болып табылады. Қашанда тәртіппен заң өзгерсе де отбасылық құндылықтар өзгермейді. Барлық жақсылық атаулы отбасынан бастау алатыны да белгілі. Осыған орай Отбасы күніне орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараны аудандық орталық кітапхананың әдіскері С.Кулекеева ашты.Дөңгелек үстелдің мақсаты – отбасы туралы ұғымдарды, отбасындағы тәрбиенің рөлі, отбасы құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту. Сонымен қатар, Мойынқұм ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Ғ.Шубаева отбасы күнімен құттықтап, отбасындағы тәрбиенің ролі жөнінде кеңінен атап өтті. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор менгерушісі А.Ноғайбекова «Отбасы тәрбиесі – қуатты мемлекет негізі» тақырыбында баяндама оқыса, аудандық орталық кітапхананың әдіскері М.Шубаева жанұялық-демографиялық қарым-қатынастарды талқыға түсірді. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар мерекемен құттықтап, отбасылық өмірде амандық тіледі.