«Қоянбаевты ауылға жіберіңіз!»: Белгілі заңгер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны сынға алды
Айгүл Орынбектің пікірінше, Түркістан облысының әкіміне жемқорлықты жоятын кеңесші керек
Заңгер Айгүл Орынбек күні кеше Нұрлан Қоянбаевты кеңесші етіп жұмысқа алған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны сынға алды, деп жазады jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, Түркістан облысы – жемқорлық дендеген аймақ, сондықтан, оның креативті мәселелерін емес (Нұрлан Қоянбаев әкімнің креативті мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тайындалған – ред.), жемқорлығын жоятын кеңесші керекү
Осы ретте ол Нұрлан Қоянбаев ақыры кеңесші болған екен, оны қалаға емес, ауылдарға жіберу керек деген ұсыныс білдірген.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалған болатын.